8 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: pixabay
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында аздаған қар, көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Петропавлда күндіз аздаған жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында тұман күтіледі. Онтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 08 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Онтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағандыда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семейде күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Өскеменде күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қостанайда түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 08 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Ақтауда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 08 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Астанаде кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с.