Алматылық құтқарушылар тұрғындарды тауға бармауға үндеді

Алматылық құтқарушылар тұрғындарды тауға бармауға үндеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2026 17:01 Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Алматы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарға тауға барудан уақытша бас тартуды ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қар көшкіні қаупінің жоғары болуы себеп. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 8 наурызда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында тұман түсіп, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

"Алматы төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қар көшкіні қаупіне байланысты тауға шығуды кейінге қалдыруға үндейді", – деп хабарлады ведомство 7 наурыз күні Zakon.kz редакциясына.

Сондай-ақ мекеме өкілдері қазіргі уақытта Алматы тауларында қар көшкіні жүріп жатқанын атап өтті.

"Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері алабында қар көшкіндері өздігінен түсіп жатыр. Бұл жоғары таулы аймақтарда (теңіз деңгейінен 3 мың метрден жоғары) және орта таулы аймақтарда (2-3 мың метр аралығы) байқалады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері алабындағы экобекетте, сондай-ақ "Тұйықсу" мұздығына апаратын автожолда ("Эдельвейс" қар көшкіні жиналатын аймақ) демалушылар мен автокөліктердің қозғалысын шектейтін бекеттер қойылды", – деп хабарлады ведомство.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: