Бүгін Алматыда және Атырауда ауа сапасы нашарлайтыны болжанады
Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 8 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетін қалалар атын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"8 наурызда Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 8 наурызда еліміздің бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript