Төтеншеліктер 8 наурызда жауын-шашын, боран, көктайғақ болатын өңірлерді атады

Дауылды ескерту, 8 наурыз, Қазақстан, ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2026 09:27 Сурет: pexels
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып, 8 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланғанын еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес:

  • Жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Астана қаласы.
  • Тұман: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары.
  • Көктайғақ: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
  • Желдің күшеюі: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 8 наурызда Алматыда және Атырауда ауа сапасы нашарлайтыны болжанатынын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: