Өскемендіктердің қоқыс шығару компаниясына миллиондаған берешегі бар

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 11:16 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемен тұрғындарының қоқыс шығаратын компанияға берешегі 247 миллион теңгеге жеткен. Коммуналдық мекеме өкілдерінің айтуынша, келісімшартқа отырған әр бесінші тұрғын ақшасын уақытылы төлемейді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Өскеменде қоқыс шығаратын екі мекеме бар. Олармен 220 мыңнан астам тұрғын келісімшартқа отырған. Бұл қала халқының 60 проценті. Алайда сол қызметтің ақысын төлеуге келгенде салғырттық танытатындар көп. "24.kz" телеарнасының ақпаратынша, тұрғындардың берешегі қазір 247 миллион теңгеден асқан. "Өскемен-Тазалық" мекемесі қордаланған қарызды қайтара алмай жүр. Мамандардың сөзінше, жауапсыз абоненттерді қызметтен шектеп тастайтын механизм жоқ.

Әсіресе көп қабатты тұрғын үйлерде қарыз қордаланып қалған. Кейбір пәтер иесінің берешегі 170 мың теңгеге жуық. Ықшам аудандарда да жағдай мәз емес. Бұл жаққа қоқыс жинайтын арнайы техника аптасына екі-үш рет қатынайды. Келісімшартқа отырмай-ақ компания қызметін тұтынып отырғандар жетерлік.

"Бізде қарызды қайтарып алу механизмдері тек қана сот орындаушылары арқылы жүргізіледі, бірақ оның бәріне көп уақыт кетеді. Тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмысы ол үздіксіз жүргізул керек себебі тазалықты қамтамасыз ету керекпіз, сол себепті тоқтатып қоя алмайыз ана кісі қарыз мына кісі қарыз деп тоқтата алмаймыз себебі ол сосын коллапс болады". Назгүл Сейтенғазина, коммуналдық компания директорының орынбасары

Қоқыс шығару қызметі үшін ай сайынғы төлем әр адамға 430 теңге. Коммуналдық мекемелер енді тым болмағанда тарифті өсіру мәселесі қарастырылса екен деген ойда. Себебі қордаланған қарыз толық қайтарылады дегенге сенім жоқ, дейді олар.

Бұған дейін Қостанай облысында құтқарушылар түні бойы жолда қалып қойғандарды эвакуациялағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: