Қазақстанда 11 наурызда боран мен екпіні күшті жел соғады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан аумағының алдағы синоптикалық жағдайы мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжам жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, республика бойынша ауа райы қолайсыз болады.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтіп, ауа райы тұрақсыз болады: қар жауады, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар түседі. Республика бойынша жел күшейеді, боран соғып, тұман түседі", – делінген "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Алқакөл өңірінде Жетісу облысында түнде шығысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде жел жылдамдығы секундына 30 м/с және одан да жоғары болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript