29 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігінде қар жауады
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2026 жылғы 29 қаңтар, бейсенбіге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.
"Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батыстың шеткі аймақтарында және солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, аздап боран соғады", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ел аумағында жел күшейіп, тұман және көктайғақ болжанып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript