11 наурызда астаналық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Сурет: unsplash
11 наурыз күні Астанада қатты аяз бен екпінді желге байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астананың білім басқармасының мәліметінше, онлайн сабақтар бірінші ауысымдағы 0-11-сынып оқушыларына, сондай-ақ колледждердің 1-2-курс студенттеріне өткізіледі.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада ауа температурасы -29°C-қа дейін төмендеп, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 11 наурызда боран мен екпіні күшті жел соғатынын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript