Елордада полиция жасөспірімдерге арналған заңсыз ойын-сауыққа тосқауыл қойды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 13:21 Фото: Zakon.kz
Елордада полиция қызметкерлері қаланың клубтарының бірінде кәмелетке толмағандарға арналған заңсыз ойын-сауық шарасының жолын кесті.

Тексеру барысында ұйымдастырушылар іс-шара туралы ақпаратты жасөспірімдер арасында таратқаны анықталды.

Сонымен қатар кештің жарнамасында балағат сөздер қолданылған атау пайдаланылған. Мекеме ішінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынған кәмелетке толмағандар анықталды.

Жасөспірімдер полиция басқармасына жеткізіліп, кейін ата-аналарына тапсырылды. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орында мас күйінде болуы және алкогольдік ішімдіктер ішуіне байланысты 8 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ мекеме әкімшілігі алкоголь өнімдерін белгіленген жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс-шараны ұйымдастырушы балағат сөздер қолданылған жарнаманы таратқаны үшін сот шешімімен ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын және қайда жүргенін бақылау қажеттігін еске салады. Ал ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін заңнама талаптарын қатаң сақтауға және кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: