Әлемдік БАҚ Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысына баға берді
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 9 наурызда BBC-дің ресейлік қызметі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс барысын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нақтырақ айтқанда, шетелдік БАҚ министрліктің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған бейнеге қызығушылық танытқан. Видеода мұз жару сәті көрсетілген.
"Қазақстандағы өзендерде жарылыс жұмыстары жыл сайын су тасқыны алдында өткізіледі. Жұмыс көлемі 9360 шаршы метрді қамтыды, бұл су қоймаларында мұз бөгеттерінің пайда болуына жол бермеу үшін жасалады", – делінген видео астындағы мәтінде.

Сурет: instagram/bbcrussian
Ресейлік BBC қызметі Ресей мен әлемдегі маңызды оқиғаларды хабарлауға маманданған.
"Қазақстаннан керемет көріністер", – деп видеоға BBC түсініктеме қалдырған.
Айта кетейік, Қазақстандағы су тасқынына қарсы жарылыс жұмыстарының әсерлі видеолары Төтенше жағдайлар министрлігінің желідегі парақшаларында тұрақты түрде жарияланып тұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript