Ақтүтек боран: полиция жүргізушілерді алыс сапарға шықпауға шақырады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 14:01 Фото: Zakon.kz
Арқа өңірінде ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран басталып, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар автожолда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Полиция департаменті басшылығының тапсырмасымен патрульдік полиция батальонының жеке құрамы тәулік бойы қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілерге көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары негізгі автожолдарда тексеріс жұмыстарын жүргізіп, жолда қалған көліктерге көмек көрсетіп, қауіпті учаскелерде кезекшілік атқаруда.

"Қазіргі уақытта барлық бағыттағы жолдарға тексеріс жүргізілуде. Кейбір учаскелерде көру мүмкіндігі мүлдем төмендеген. Сонымен қатар жол бойында қар құрсауында қалып қойған көліктер де бар. Осыған байланысты барлық жүргізушілерге ауа райы тұрақталғанша алыс жолға шықпауға кеңес береміз" — деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда алыс сапарларды кейінге қалдырып, жолға шығар алдында автожолдардың ашық немесе жабық екендігі туралы ресми ақпаратты тексеру қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: