Қостанай облысында ер адамнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Қостанай облысында ер адамнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 18:52 Сурет: polisia.kz
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және облыс прокуратурасымен бірлесіп, ірі көлемдегі есірткі заттарын тасымалдау арнасын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында 200 келіден астам тыйым салынған затты тасымалдаған ер адам ұсталды.

Көлікті тексеру кезінде жүк көлігінің кузовынан, темір бөшкенің ішінен полиэтиленге оралған қап табылды. Оның ішінде өсімдік тектес зат болған.

Автокөлікті мұқият тексеру барысында полицейлер арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтады. Жасырын бөлікте скотчпен оралған, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған 20 қап болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай мен есірткі заттарын жеткізу арналары анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: