Қостанай облысында полиция синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 09:47 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері a-PVP синтетикалық есірткісінің таралу арнасын әшкереледі.

Бұл қауіпті психостимулятор халық арасында "тұз" немесе "жылдамдық" деген атаулармен белгілі.

Қостанайлықтардың жалға алған пәтерінен ерекше иісі бар ақ және сарғыш түсті екі түрлі ұнтақ, электронды таразылар, зип-пакеттер мен изолента табылды.

Бұл заттардың барлығы схема бойынша жұмыс үшін пайдаланылған. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы шамамен 355 грамм a-PVP синтетика екені расталды.

Қазіргі таңда аса ірі көлемде есірткінің заңсыз айналымы бойынша іс қозғалды. 19 жастағы күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды, екіншісінің қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Егер сізді "қоймаларға көмектесіп ақша табайық" деп шақырса — келіспеңіз. Бұл — қылмыс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: