Дүйсенбіде +18°C, сәрсенбіде -10°C: алматылықтар әлеуметтік желіде "құбылмалы" ауа райын қызу талқылауда

Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 15:03 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 10 наурыздан бастап екі тәулік бойы Алматы қаласына қалың қар жауды. Жағдай желідегі қала тұрғындарының арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, тұрғындардың бірі қар басқан үйінділердің суретін жариялап, ауа райының неліктен дереу құбылғаны жайлы өз нұсқасын жазды.

"Алматыға не болды? Қазір 11 наурыз ғой, біз бұл кезде жейдемен серуендеп жүруіміз керек еді. Ал мұнда қар жауып жатыр. Шамасы, Қар ханшайымына 8 наурызға гүл сыйламаған тәрізді", – деп жазды ол.

Тағы бір қолданушы танымал Threads әлеуметтік желісінде соңғы бірнеше күндегі температураны салыстырды:

"Алматы туралы білу керек нәрсенің бәрі осы.9 наурыз – +18°C,11 наурыз – -10°C".

Посмотреть в Threads

Келесі бір қала тұрғыны әзілдеп, өзін қаңтар айына "телепортация" жасап жібергендей сезінгенін жазды:

"Қаланы қалың қар басып қалды. Кеше ғана көктем келгені сезіліп, жеңіл күрте киіп, аяқ киімді ауыстырып едік. Қыс өзінің жұмысын әлі бітірмеген тәрізді. Мұндайды мүлде күтпедік, ешкім".

Бұған дейін Алматыға бір түнде 27 см-ге дейін қар жауғанын жазғанбыз. Синоптиктердің болжамынша, 11 наурыз күні күндіз жауын-шашын болмайды, ауа температурасы –6…–8 градус шамасында болады, кейін тағы төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: