Мұнай өңдеу саласы үшін Жаңа Конституцияның маңызы зор – Атырау МӨЗ

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге, еңбек адамының мүддесін қорғауға және қоршаған ортаны сақтауға басымдық береді., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 16:10 Сурет: «АМӨЗ» ЖШС
Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге, еңбек адамының мүддесін қорғауға және қоршаған ортаны сақтауға басымдық береді.

Бұл қағидаттар өндірістік кәсіпорындар үшін де маңызды. Өндіріс саласында еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылар құқығы және табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау – басты міндеттердің бірі болып табылады.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты – 80 жылдық тарихы бар, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосып келе жатқан ірі өндіріс орындарының бірі. Сондықтан біз ел үшін маңызды саяси науқандардан ешқашан шет қалмаймыз." Нұрлан Ещанов , "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері

Сурет: "АМӨЗ" ЖШС

Жаңа Ата заң – ел дамуының бағытын айқындайтын, қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықты нығайтатын маңызды құжат.

"Онда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларының Конституциялық деңгейде бекітілуі – әрбір қызметкердің өмірі мен денсаулығын қорғауға берілген маңызды кепілдік. Сонымен қатар табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қағидаттарының айқындалуы да мұнай өңдеу саласы үшін аса маңызды." Нұрлан Ещанов , "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері

"АМӨЗ" ЖШС ұжымы 15 наурыздағы референдум – еліміздің болашағына қатысты жауапты таңдау деп санайды.

"Біз бұл маңызды шешімнен тыс қалмаймыз. Сондықтан "АМӨЗ" ЖШС ұжымы алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституцияны қолдайды. Бұл – елдің тұрақты дамуы мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі". Нұрлан Ещанов , "АМӨЗ" ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженері

Сурет: "АМӨЗ" ЖШС

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: