Қазақстанда 12 наурызда боран мен дауылды жел соғады
Сурет: pixabay
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып қала береді. Бұл туралы 2026 жылғы 12 наурыз, бейсенбіге арналған "Қазгидромет" РМК жариялаған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсуі мүмкін.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, боран, көктайғақ және тұман түседі.
Әсіресе Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, сондай-ақ Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болуы ықтимал.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript