Ақтөбе тұрғыны ата-анасының алтынын сатып, алаяқтарға 10 млн теңге аудармақ болған

Ақтөбе тұрғыны ата-анасының алтынын сатып, алаяқтарға 10 млн теңге аудармақ болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 18:27 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде дүкен менеджерінің қырағылығы жергілікті тұрғынды 10 млн теңгеден астам қаржысынан айырылып қалудан құтқарды. Қызметкер алаяқтардың қысымымен ақша аудара бастаған жас жігіттің әрекетін дер кезінде тоқтатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының жазуынша, 2026 жылғы 10 наурызда дүкен қызметкері қатты күйзеліске түскен және телефонмен үздіксіз сөйлесіп тұрған жас жігіттің күмәнді әрекетін байқайды. Қырағы менеджер бұл жағдайға бейжай қарамай, араласады.

Әңгіме барысында дүкенге келген азаматтың алаяқтардың психологиялық қысымымен әрекет еткені анықталған. Менеджер араласқанға дейін ол қылмыскерлерге 800 мың теңге аударып үлгерген.

Бұдан бөлек, ол ата-анасы отбасылық мерекеге дайындап қойған барлық алтын әшекейлерді сатып, түскен ақшаны алаяқтарға бермек болған. Қаскөйлердің жоспары бойынша олар 10 млн теңгені иемденуді көздеген.

Дүкен менеджері полиция шақырып, құқық қорғау органдары келгенге дейін жігіттің әрі қарай ақша аударуына жол бермеген. Қызметкердің әрекетінің арқасында 9,2 млн теңгенің мүлкі сақталып қалды.

Полиция тағы да тұрғындарды сақ болуға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: