Президент ұлттық есептеу инфрақұрылымы мен деректерді қорғаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 16:22 Сурет: akorda.kz
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық есептеу инфрақұрылымын дамыту және деректерді басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, екі жаңа суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздің технологиялық дербестігін күшейту тұрғысынан зор стратегиялық мәнге ие.

Президент деректердің сапасына әр ведомствоның бірінші басшысы жауап беруге тиіс екенін айтты. Деректерді басқарудың толық мемлекеттік жүйесін қалыптастыру оны экономикалық актив ретінде қарастырудың маңызды қадамы болмақ.

Сонымен қатар, баяндамада криптоиндустрияны дамыту мәселесі көтерілді. Бұл саланы реттейтін заңнамалық өзгерістер биыл мамыр айында күшіне енеді. Президент қаржы саласын реттейтін органдарға Үкімет пен құқық қорғау органдарымен бірлесіп, цифрлық активтер саласын дамыту жоспарын әзірлеуді тапсырды. Жоспарда қаржы тұрақтылығына зиян келтірмеу, алаяқтыққа және капиталды заңсыз шығаруға қарсы тиімді шаралар қарастырылуы тиіс.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жеке мәліметтің құпиялылығын сақтаудың және дербес деректерге заңсыз қол жеткізудің кез келген түріне тосқауыл қоюдың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, жеке мәліметтің тарап кетуі азаматтардың мемлекетке деген сенімін төмендетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата заң жобасы халық тарапынан қолдау тапқан жағдайда, дербес деректерді қорғау конституциялық міндет ретінде бекітілетінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: