Қасым -Жомарт Тоқаев IT-бизнесті дамыту мен жасанды интеллектіні өндіріске енгізу барысын жеделдетуді тапсырды

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 16:18 Фото: pixabay
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық IT-бизнестің дамуын елдің экономикалық өсуінің маңызды бағыты ретінде атап өтті.

Президенттің айтуынша, Astana Hub технопаркі негізінде кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалып, IT қызметтер экспортынан түскен табыс 1 миллиард долларға жуықтаған. Мемлекеттік қолдау зияткерлік өнім шығаратын және оны шетелге сататын жобаларға бағытталуы қажет.

"Astana Hub-тың негізінде кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасалды. Еліміздегі IT қызметтердің экспортынан түскен табыс 1 миллиард долларға жуықтады. Зияткерлік өнім өндіретін, оны шетелге сататын жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілуі қажет", – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын өндіріс саласына енгізуді жеделдетуді тапсырды. Ол жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторында қолдану технологиялық тәуелсіздік пен экономикалық өсімнің маңызды факторы болатынын атап өтті. Үкіметке өнеркәсіпке озық технологияларды енгізуді ынталандыратын механизмдерді қарастыру міндеті қойылды.


"Азаматтарға арналған банк қызметтеріне айрықша тоқталғым келеді. Менің тапсырмаммен Ұлттық банк цифрлық қаржы инфрақұрылымын жасады. Оның аясында банкаралық QR-төлемдер, аударымдар және цифрлық теңгемен есеп айырысу қызметтері іске қосылды. Бұл төлем тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту арқылы шығынды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Банктер заң бойынша осы инфрақұрылымға қосылуға міндеттелді, алайда кейбір ірі банктер бұл талапты орындамай отыр", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: