ІІМ: Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді

ҚР ІІМ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның ішінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 16:33 Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Соның ішінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді. Оның ішінде 63-і – қылмыстық қару, ал 49-ы – қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам оқ-дәрі алынды.

10 наурыздан бастап елімізде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара аясында заңсыз қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Іс-шара басталғалы бері:

  • заңсыз айналымнан 105 қару, 260-тен астам патрон және 13 жарылғыш құрылғы тәркіленді;
  • қару мен оқ-дәрі сақталған 19 жасырын орын анықталды;
  • қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару, сондай-ақ полицияның қызметтік жабдықтары тәркіленді. Олардың ішінде бір тапанша, екі ойық ұңғылы карабин, 3 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық және оқ өткізбейтін кеудешелер бар.

ЖПІШ барысында азаматтар 10 қаруды ерікті түрде тапсырды. Сонымен қатар 5 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың 70-тен астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, 6 наурыз күні Алматы облысында облыстық полиция департаменті мен ҰҚК департаменті қызметкерлері Қонаев қаласының шетінде жасырын қойманы анықтап, онда Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді.

11 наурызда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылының маңында, Талас өзенінің жағасынан криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аңшылық мылтықтарды тауып, тәркіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: