Сеул қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берген алғашқы қазақстандық анықталды
Сурет: ҚР СІМ
Сеул қаласындағы референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып Қазақстан азаматы Ернар Сәрсенбаев дауыс берді. Ол Азия орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) қызметкері, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ол шетелде жүрген қазақстандықтардың осындай маңызды саяси үдеріске қатысу мүмкіндігін жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
"Ұлттық маңызы бар осындай маңызды мәселелер бойынша өз ұстанымыңды білдіру — әр азаматтың міндеті. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді", — деді ол.
Бұған дейін Жапонияда референдумда дауыс берген алғашқы қазақстандықтың кім екені белгілі болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript