Референдум барысында шағым түскен жоқ – ҚР Бас прокуратурасы
Сурет: ortcom.kz
ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының басшысы Бекжан Қарамановтың мәліметінше, еліміздің жаңа Конституциясы бойынша рефрендумда дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
Белгілі болғандай, прокуратура органдарына референдумға қатысты өтініштер түскен жоқ. Сондай-ақ сот органдарына да талап-арыздар енгізілмеген.
"Бүгін дәл қазіргі жағдайда заңсыз сауал салу және үгіт жүргізгені үшін жауапқа тарту фактілері болған жоқ. Қадағалауды қамтамасыз етуді жалғастырудамыз", – деді спикер "Референдум – 2026" онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифинг барысында.
Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript