2026 жылғы Референдум: халықаралық бақылаушылар дауыс беру барысы туралы айтты

Конституция РК, День Конституции РК, референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 16:11 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 15 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-марафон барысында халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумдағы дауыс беру барысы туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты. Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман "Референдум – 2026" онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді.

"Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық", – деді спикер.

Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.

"Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде "Құрылтай" деп аталуда. "Вице-президент" деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық", – деді О. Кодджаман.

Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: