Қазақстанда референдумда дауыс беру аяқталды

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 20:12 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 15 наурыз күні сағат 20:00-де Қазақстанның барлық өңірінде жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумдағы дауыс беру учаскелері ресми түрде жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы сәттен бастап учаскелік комиссия мүшелері дауыс беру жәшіктерін ашып, бюллетеньдерді санау рәсіміне кірісті. Республика аумағында дауыс беру процесі толық аяқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елден тыс жерлердегі дауыс беру учаскелері әлі де жұмыс істеп жатыр.

Уақыт белдеулерінің айырмашылығына байланысты шетелдегі Қазақстан азаматтары әлі де өз дауыс беру құқығын пайдалана алады.

Еске салайық, қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландта шетелдік референдум учаскелері өз жұмысын аяқтағанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: