Референдум-2026: вице-премьерлер мен үкімет мүшелері де дауыс берді

Референдум-2026: вице-премьерлер мен үкімет мүшелері де дауыс берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2026 12:05 Сурет: Telegram/KZgovernment
2026 жылғы 15 наурызда вице-премьерлер мен үкімет мүшелері Қазақстанның жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға:

  • Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр,
  • Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев,
  • Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев,
  • Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин,
  • Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев,
  • Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Сондай-ақ ішкі істер, қорғаныс, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, қаржы, сауда және интеграция, су ресурстары және ирригация, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, туризм және спорт, әділет, өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, көлік, оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері өз сайлау учаскелерінде дауыс берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: