Егіз полицейлер референдумда өз таңдауларын жасады
Сурет: polisia.kz
Полицейлердің айтуынша, референдумға қатысу – бұл елдің болашағына жауапкершілікпен қараудың және белсенді азаматтық ұстанымның маңызды көрінісі.
Сақшылар ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ағайындылардың айтуынша, полицей болу арманы олардың бала кезінен қалыптасқан. Ерте жастан-ақ олар халыққа қызмет етуді, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтқан. Есейген соң ағайындылар ішкі істер органдарына бірге қызметке орналасу туралы шешім қабылдап, содан бері таңдаған мамандығына адал еңбек етіп келеді.
Қызмет барысында егіз ағайындылар өздерін жауапты әрі тәртіпті қызметкерлер ретінде көрсете білді. Олар қызметтік міндеттерін адал атқарып, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді.
Полицейлердің айтуынша, елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу – әрбір азаматтың міндеті. Олардың сөзінше, референдум әр азаматқа өз пікірін білдіруге және мемлекеттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.