Референдумда 8,8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға азаматтардың келуі туралы кезекті ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
- Абай облысы 73,84 %
- Ақмола облысы 77,72 %
- Ақтөбе облысы 83,12 %
- Алматы облысы 70,27 %
- Атырау облысы 71,08 %
- Батыс Қазақстан облысы 66,90 %
- Жамбыл облысы 81,07 %
- Жетісу облысы 73,84 %
- Қарағанды облысы 81,44 %
- Қостанай облысы 80,11 %
- Қызылорда облысы 91,80 %
- Маңғыстау облысы 76,84 %
- Павлодар облысы 71,85 %
- Солтүстік Қазақстан облысы 68,58 %
- Түркістан облысы 82,03 %
- Ұлытау облысы 70,57 %
- Шығыс Қазақстан облысы 83,63 %
- Астана қаласы 56,72 %
- Алматы қаласы 32,82 %
- Шымкент қаласы 74,44 %.
Жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды. Бұл – тізімге енгізілген азаматтардың 70,98%-ы.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат 20.00-дегі жағдай бойынша сағат 20.30-да беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript