ІІМ: референдумда тәртіптің өрескел бұзылуы тіркелген жоқ
Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев 2026 жылғы 15 наурызда ОКҚ алаңында "Референдум-2026" онлайн-марафоны аясында бүкіл ел бойынша полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтар мен сайлау комиссияларының өтініштеріне жедел ден қойып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қалалардағы көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдай тұрақты бақыланады. Бұл бақылау Жедел басқару орталықтарының бейнекамералары арқылы да жүргізіліп жатыр.
"Азаматтардан немесе сайлау комиссияларынан түскен кез келген өтініш бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етуде. Қазіргі уақытқа дейін референдум барысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Полиция – дауыс беру толық аяқталғанға дейін қызметін жалғастырады. Негізгі мақсат – азаматтардың қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету", – деді спикер.
Бұған дейін сайлаушылар Астанада қалай дауыс беріп жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript