Халықаралық бақылаушылар референдум жайлы көзқарастарын білдірді

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 16:36 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда өткен республикалық референдум халықаралық бақылаушылардың назарында болды. Олардың басым бөлігі дауыс беру процесіне оң баға беріп, сайлау халықаралық стандарттарға сай өткенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрлі Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Қазақстандағы дауыс беру процесіне оң баға беріп, сайлау халықаралық стандарттарға сай өткенін атап өтті.

Мәселен, Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенердің айтуынша, Қазақстан халқының референдумға жоғары белсенділікпен қатысуы демократиялық үдерістің дамып келе жатқанын көрсетеді. Оның мәліметінше, жарияланған алдын ала нәтижелер бойынша халықтың 73,12 пайызы референдумға қатысып, ұсынылған өзгерістерді қолдаған.

"Қазақстан халқының сайлау учаскелеріне белсенді келіп, өз құқықтарын пайдаланып дауыс беруі демократия тұрғысынан өте қуанышты жағдай", – деді ол.

Бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі жұмыс барысын да оң бағалады. Олардың айтуынша, учаске қызметкерлері кәсіби деңгейде жұмыс істеп, барлық сұрақтарға толық жауап берген. Бұл өз кезегінде сайлау комиссиясының алдын ала жүргізген дайындық жұмыстарының сапасын көрсетеді.

Сурет: ҚР ОСК

Сонымен қатар, халықаралық бақылаушылар ерекше атап өткен жаңашылдықтың бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған ақпараттық жүйелер. Компьютерлік форматта ұсынылған түсіндірме материалдар сайлау процесін барынша қолжетімді еткен.

"Бұл тәжірибе біз үшін өте қызықты әрі пайдалы болды. Болашақта басқа елдердегі сайлау процестерінде де қолдануға болатын тәжірибе деп санаймыз", – деді Ахмет Йенер.

Өз кезегінде, филиппиндік бақылаушы Ховенсио Баланкуит Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады.

"Біз Филиппин Республикасының сайлау комиссиясының өкілдері ретінде Қазақстандағы референдумға қатысуымызға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз. Дауыс беру процесі өте ұйымдасқан, тыныш және ашық өтті",- деді Баланкуит.

Бақылаушы әртүрлі азаматтардың, соның ішінде дауыс беруге келе алмайтын топтардың қатысуына ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

"Қазақстанның сайлау комиссиясы осал топтарға, сондай-ақ үйде дауыс беруге мұқтаж азаматтарға арнайы шаралар жасап, олардың құқықтарын қамтамасыз етті", – деді ол.

Сонымен қатар, Баланкуит сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсібилігі мен дайындық деңгейіне тәнті болғанын жеткізді.

"Мен сайлау учаскелерінде жұмыс істеген комиссия мүшелерінің шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетіне қатты әсер алдым. Қазақстандағы сайлау процесінде көптеген инновациялар қолданылып отыр, бұл туралы біз өз еліміздегі сайлау комиссиясы басшылығымен талқылаймыз", – деді ол.

Сурет: ҚР ОСК

Ховенсио Баланкуит дауыс санау процесінің ашық әрі бақылаушылар қатысуымен өткізілгенін де атап өтті.

"Біз дауыс санаудың ашық және мөлдір түрде өтіп жатқанын көрдік, бақылаушылардың белсенділігі де ерекше. Онымен сөйлескенде, олардың үнемі ынтамен жұмыс істейтінін байқадық", – деп толықтырды ол.

Соңында бақылаушы Қазақстан Орталық сайлау комиссиясын сәтті референдум өткізгенімен құттықтап, Филиппин тарапынан бақылау миссиясына шақырғаны үшін алғыс білдірді.

"Біз 15 наурыздағы референдумды сәтті өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз. Сонымен қатар, біздің елімізді осы сайлау процесін бақылауға шақырғандары үшін алғысымызды білдіреміз",-деп қорытындылады ол.

Жалпы алғанда, халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы референдум ашық, әділ және қауіпсіз жағдайда өткенін атап өтті. Олар азаматтардың дауыс беру құқығына үлкен мән берілгенін және барлық ұйымдастыру шаралары халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылғанын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: