Еуроодақ 20-санкциялар пакетін талқылап жатыр: оған Қазақстан іліге ме

Еуроодақ 20-санкциялар пакетін талқылап жатыр: оған Қазақстан іліге ме, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 18:19 Сурет: pixabay
Еуропалық одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О'Салливан 2026 жылғы 17 наурызда Астанада өткен брифингте 20-санкциялар пакеті дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер одан бұл тізімге Қазақстанның ену-енбеуін нақтылап сұрады.

"Айта кету керек, біз екінші деңгейлі санкциялар енгізбейміз. Үшінші елдердің банктерін тізімге енгізген кезде, біз сол елдегі банк пен ЕО-ға мүше елдегі корреспондент-банк арасындағы транзакциялар мен қаржылық операцияларға тыйым саламыз. Яғни, бұл шектеу банктер арасындағы операцияларға ғана қатысты. Біріншіден, осыны атап өткім келеді. Қазір 20-санкциялар пакетін келісу процесі жүріп жатыр, белгілі бір талқылаулар бар. Қазақстанға қатысты әзірше санкциялық тізімге енгізуге негіз болатын ешқандай проблемалық мәселелер анықталған жоқ", – деді О'Салливан.

Сонымен қатар ол Еуроодақ әлемдегі банктердің қызметін мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

"Біздің тәжірибеде санкциялар пакеттерінің мазмұнын алдын ала талқылау жоқ. Қазір келіссөздер жүріп жатыр, сондықтан нақты мазмұны туралы айта алмаймыз. Дегенмен, 20-пакет бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып жатыр", – деп қосты арнайы өкіл.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: