Жаңалықтар тізбегі
0

ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары: Қазақстан тарапында қандай мәселелер туындауда

Дэвид О ' Салливан, ЕО, Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі, Қазақстан, Ресей, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 18:39 Сурет: Zakon.kz/Тамила Муратбек
Еуропалық одақтың Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливанның Қазақстанға не үшін ұшып келгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ-қа арналған брифинг барысында ЕО-ның Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан қазақстандық тарапта қазір талқыланып жатқан бірнеше проблемалық мәселелер туындағанын айтты.

"Мәселе Каспий құбыр консорциумы құбырларының жұмысы мен жұмыс қабілетіне қатысты. Тағы бір маңызды мәселе Еуразиялық даму банкінің бұғатталған активтеріне қатысты. Біз бұл мәселеде өте қарқынды жұмыс істедік және белсенді жұмысымыздың әрі бельгиялық әріптестеріміздің көмегінің арқасында аталған активтерді бұғаттан босата алдық. Қазір бұл қаражаттар Қазақстанда жүзеге асырылатын жобаларға бағытталуда", – деді Дэвид О ' Салливан.

Оның айтуынша, санкцияға ұшыраған тауарлар Қазақстан арқылы айналып Ресейге қайта экспортталу жайы бізді алаңдатады, өйткені республиканың импорт көлемі айтарлықтай өскен. 

"Менің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымнан бастап біз санкцияға ұшыраған аздаған өнімдерге ерекше назар аударуды сұраумен келеміз. Біз оларды "жоғары басымдықты тауарлар" деп атаймыз: 50 өнім. Одан гөрі мен оларды "ұрыс алаңынан табылған заттар" деп атағанды жөн көремін. Өйткені бұл заттарды біздің украиналық әріптестеріміз ұрыс алаңынан ресейлік қару-жарақтардан тапқан. Тізімдегі бұл 50 позиция көлемі жағынан да, құндылығы жағынан да өнімдердің шағын спектрі болып табылады, бірақ олар қару-жараққа керек заттар және соғыста жойқын сипатқа ие. Біз бұл мәселеде 2023 жылдың сәуірінен бастап белгілі бір прогреске қол жеткіздік және Қазақстан арқылы осы заттардың импорты мен кері экспорты көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз", - деп атап өтті Дэвид О ' Салливан.

Бұл ретте ол Еуроодақ санкцияларға қосылмаған Қазақстанның ұстанымын құрметтейтінін атап өтті. ЕО назар аударуды сұрайтын жалғыз нәрсе бар: Қазақстан аумағы арқылы санкциялық тауарлардың айналып өтуіне жол бермеу.

Бұған дейін Еуроодақ өкілі Қазақстан азаматтары үшін шенген визасына қатысты жағымды жаңалығымен бөліскен болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: