Еуроодақ өкілі Қазақстан азаматтары үшін шенген визасына қатысты жағымды жаңалығымен бөлісті

Шенген визасы, Еуропалық одақ, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2024 17:33 Сурет: freepik
Қазақстанға Еуропалық одақтың Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан іс сапармен келді. 18 маусымда БАҚ-қа арналған брифинг барысында ол Қазақстанмен келісілген жаңа уағдаластықтар жайына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дэвид О ' Салливанның айтуынша, Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Сонымен қатар, ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі және тікелей шетелдік инвестициялардың ең ірі көзі болып табылады.

"Біздің ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс визалық рәсімдерді жеңілдету бойынша келіссөздер талқысын бастап кеткенімізді қуана атап өткім келеді, – деді Еуропалық одақтың Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан.

Алайда, бұған дейін қазақстандықтар үшін шенген визасының құны 12 пайызға өсетіні белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: