Петропавлда электр қосалқы станциясында ток соғып, 21 жастағы жұмысшы қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Петропавлдағы электр қосалқы станциясында "СК РЭК" АҚ-ның жас маманы ток соғып, көз жұмды. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 17 наурыз күні таңертең Омбы айналма жолы ауданында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Qazaqstan Media басылымының жазуынша, оқиға орнына төрт маманнан тұратын бригада барған. Олардың екеуі электр қосалқы станциясына кірген. Онда ешқандай жөндеу жұмыстары жоспарланбаған, тек жоспарлы профилактикалық тексеру жүргізілуге тиіс болған.
Әзірше анықталмаған мән-жайлар бойынша 21 жастағы электр слесарі қатты ток соққысын алып, құлаған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.
"Аталған факті бойынша полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, туыстарына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript