Алматыда бір шартпен мұз айдындарында тегін сырғанауға болады

Бесплатные катки, бесплатный каток, катание на коньках, ледовый каток, ледовые катки, новогодние катки, новогодний каток, каток, катки, зимние каникулы, новогодние праздники, зимний отдых, Новый год, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 10:19 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 18 наурызда сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына тегін мұз айдынында сырғанау іс-шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қатысудың басты шарты – ұлттық киіммен келу. Бұл туралы қаланың спорт басқармасы мәлімдеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматыда ұлттық киіммен мұз айдынында сырғанау алғаш рет өтеді.

Ерекше мерекелік кеш келесі мұз ареналарында өтеді:

  • "Алматы Арена",
  • "Халық Арена",
  • "Олимпик".
"Конькилерді өзіңізбен бірге алып келуге немесе мұз ареналарындағы жалға алу қызметін пайдалануға болады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанда қандастарға 7 млн теңгеге дейін баспана көмегі берілетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: