Тоқаев Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы жарлыққа қол қойды
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомар Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институтын құру туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 18 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырады, - делінген құжатта.
Уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу болып белгіленді.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдайды.
Сонымен бірге осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript