Жаңбыр, қар және көктайғақ: 19 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жаңбыр, қар және көктайғақ: 19 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 17:43 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде қар жаууы мүмкін.

Сонымен қатар республика бойынша тұман күтіледі.

Солтүстік және шығыс аймақтардың тұрғындары көктайғаққа дайын болғаны жөн, ал оңтүстік өңірлерде екпіні күшті жел соғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: