Жаңбыр, жел, найзағай: 19 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Тек республиканың шығысында және шеткі солтүстігінде антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейеді деп болжанды.
"Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының топырақ бетінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде солтүстікте 1-3 градус аяз болады. Павлодардың орталығы мен шығысында, Ұлытаудың шығысында, Қарағанды, Қызылорда облыстарының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанды", - делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына - 9-14 метр, күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +17+19°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Батыстан соғатын жел екпіні секундына - 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +20+22°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына - 8-13 метр, найзағайдың екпіні секундына - 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.