Түркістан облысында браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіленді

Түркістан облысында полиция браконьерлерден 130 келіге жуық балық тәркіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 18:38 Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері су биоресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлармен профилактикалық іс-шаралар өткізу барысында заңсыз балық аулаудың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер Шардара су қоймасында жүргізілген рейд барысында екі жергілікті тұрғынды анықтады. Браконьерлер қайық және балық аулау торларының көмегімен 130 келіге жуық балықты заңсыз өндірген.

Биоресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

"Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды заңды сақтауға және табиғатты қорғауға үндейміз", - деп ескертті полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: