Абай облысында 170 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Абай облысында табиғатты қорғау және су биоресурстарын сақтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция қызметкерлері су айдындары мен балық шаруашылығы маңызы бар аумақтарда бақылауды күшейтті.
Өткізілген рейдтердің нәтижесінде 58 құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, өңірдің табиғи ресурстарына залал келу қаупінің алды алынды.
Заңсыз ауланған 164,3 кг балық тәркіленіп, оның заңсыз айналымға түсуі жол берілмеді және су айдындарының экологиялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Іс-шаралар барысында құқық бұзушылықтар ғана тоқтатылып қоймай, профилактикалық жұмыстар да жүргізіледі: азаматтарға су биоресурстарын сақтаудың маңыздылығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи байлықтарға құрметпен қарау туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript