Абай облысында 100 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Абай облысында 100 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 17:48 Сурет: видеодан скриншот
Браконьерліктің кезекті фактісін Абай облысы, Ақсуат ауданының тәртіп сақшылары анықтады.

Учаскелік полиция инспекторлары мен “Ақсуат ауданының табиғи ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу” ММ жедел жасағы бірлескен рейд жүргізіп, Шығыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол жыл бойы балық аулауға тыйым салынатын Зайсан көлінің жағасында моторлы қайықпен көксерке балығын аулаған.

Полицейлер одан 90,2 келі балық тәркіледі. Жалпы шығын - жарты миллион теңгеден астам сома.

"ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген балық мемлекеттік пунктке тапсырылды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берді", - делінген Polisia.kz хабарламасында.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: