ШҚО-да 20 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

Заңсыз ауланған балық тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 15:22 Сурет: polisia.kz
25 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының аумағында Омбы–Майқапшағай тасжолының 29-шы шақырымында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғынының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғын рұқсат құжаттарынсыз 20 тоннаға жуық көксерке балығы мен табан балықты тасымалдаған.

Келтірілген жалпы шығын 116 миллион теңгеден асады, деп жазады Polisia.kz.

Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: