Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтеді
Фото: akorda.kz
Алматыда 21 наурыз күні Астана алаңында Наурыз мейрамына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін қаланың орталық алаңы ұлттық дәстүрлер мен заманауи мәдени форматтарды ұштастыратын мерекенің басты алаңына айналады.
Бағдарламада қазақстандық артистердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цифрлық турлар мен роботтар ұсынылатын интерактивті аймақтар, сондай-ақ тақырыптық көрмелер жоспарланған.
Сахнада "Дос-Мұқасан", "МузАРТ", "Ұлытау", "Алашұлы" топтары, сондай-ақ Нұржан Керменбаев, Салтанат Бақаева, Талғат Күзембаев, Айгүл Елшібаева, Ернар Айдар, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова және Әсет Есжан сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Мерекелік іс-шараның арнайы қонағы – Әзірбайжаннан келген әнші Роза Зергерли.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript