Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды
Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 21 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның маңызы мен жастарға арналған сипатына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Конституцияға және оның іске асырылуы жөніндегі Жарлыққа осы аптаның басында қол қойғанын жеткізді.
"Енді 1 шілдеден бастап Конституция өз күшіне енеді", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция күнін жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде 15 наурызда, яғни референдум өткен күні атап өтуге болатынын айтты.
"Жалпыхалықтық референдумда жастарымыздың белсенділігі, жаңашылдығы және жауапкершілігі айқын көрінді. Олар Отанына адал, ойы озық, жасампаз азаматтар ретінде өздерінің жарқын келешегіне қатысты таңдауын жасады", – деді мемлекет басшысы.
Президенттің сөзінше, жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпаққа арналған құжат.
"Төрге озған Халық Конституциясы жастарға жөн сілтейді, өмір жолын көрсетеді. Жаңа Ата заң жас ұрпақпен бірге жасай береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript