Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2026 09:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 24 наурызда Қазақстанның бес қаласының тұрғындарын ауа сапасының нашарлайтыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 24 наурызда Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әкелетін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындарына, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада азырақ жүргені дұрыс. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қантамыр жүйесі немесе аллергиялық аурулары бар адамдар сыртта жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: