Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2026 жылғы 14 наурызда Қазақстанның сегіз қаласында ауа ластанатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 наурызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалаларында, ал түнде Астанада болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" таратқан хабарламада айтылған.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі. Мұндай жағдайда атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттар жиналып қалады.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады, әсіресе автожолдардың маңында немесе басқа да ластану көздерінің жанында. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені жөн.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript