Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2026 11:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 12 сәуірде Қазақстанның он қаласының тұрғындары мен қонақтарын ауа ластануының жоғарылауына байланысты ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 12 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда тұрғындарға, әсіресе автожолдар маңында немесе басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде, ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қантамыр және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртта жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: