Жаңа турникеттер Алматы метросының жұмысын баяулатты

Метрополитен, пассажиры метро, метро, общественный транспорт, вагоны метро, люди в метро, работники метро, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 16:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылдың 26 наурызында Алматыдағы "Бауыржан Момышұлы" соңғы станциясында жаңа турникеттер орнатылған соң ұзын кезектер пайда болып, метро жолаушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгер Threads әлеуметтік желісінде видео жариялап, жағдайды былай сипаттады:

"Момышұлы станциясында жаңа терминалдар орнатылды, билетті оқу 20–30 секундқа созылады".

Zakon.kz тілшісі Алматы метрополитенінің баспасөз қызметінен түсініктеме алды. Онда турникеттерді жаңғырту жұмыстары басталғаны айтылды.

"Жоба аясында әртүрлі төлем әдістерін қабылдай алатын әмбебап турникеттер енгізіледі: QR-коды бар қағаз билеттер, банктік карталар, Apple Pay, Samsung Pay және басқа төлем жүйелері", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі жетондардың орнына QR-коды бар қағаз билеттерге көшу себептерін түсіндірді:

  • Жетон қабылдауға қажетті механикалық бөліктердің жиі бұзылуы;
  • Жөндеуге арналған қосалқы бөлшектердің жоқтығы немесе қымбат болуы;
  • QR-код технологиясы арқылы "Оңай" және "Avtobys" тасымалдау жүйелерімен интеграция жасау мүмкіндігі.
"QR-коды бар қағаз билеттер бір реттік сапарларға арналған және жолаушыларда басқа төлем әдістері жоқ болған жағдайда қолданылады", – делінген Алматы метрополитенінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, 2026 жылдың 15 қаңтарында Алматыда метроның жаңа желісі үшін жер сатып алынатыны туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: