Елімізде шамамен 3 млн өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат зейнетақы жарнасын төлемейді

Малый и средний бизнес, малый бизнес, средний бизнес, МСБ, предпринимательство, предприниматели, самозанятый, самозанятые, самозанятые работники, самозанятый работник, малое предпринимательство, среднее предпринимательство, МСП, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 17:33 Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 наурызда Сенаттағы дөңгелек үстелде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың зейнетақы жарналарын төлеу жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл тақырыпты шешілмеген мәселелер бар.

"2,9 млн адам зейнетақы жарналарын аудармайды. Бұлар – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) иелері және жеке кәсіпкерлер (ЖК). Егер 20 өңір бойынша қарасақ, әр өңірде орта есеппен 150 мыңнан астам осындай азамат бар. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Бұл да жаңа Салық кодексін қабылдау аясында қарастырылып жатыр: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар "көлеңкеден шығып", табысын ашық көрсетуі, жарналарын төлеуі және әрине, зейнетақы жинақтарын қалыптастыруы қажет", – деді Ертаев.

Бұған дейін министр зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шешіп алуда ең төменгі жеткіліктілік шектерін арттыруды ұсынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: