Еңбек министрі қолданыстағы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдер туралы айтып берді

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 18:02 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 наурызда Сенаттағы дөңгелек үстелде Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі қазіргі тәуекелдер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі жағдай жаңадан зейнетке шығатын және болашақ зейнеткерлер үшін жоғалған табысты алмастыру коэффициенті бойынша тәуекелдерді сақтап отыр.

"Егер бүгінгі таңда 2,5 млн зейнеткердің 80%-ы бойынша табысты алмастырудың орташа коэффициенті 44%-ды құраса – бұған ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақылар кіреді, – ал жинақтаушы зейнетақы алмайтындар үшін, яғни БЖЗҚ-дан төлем алмайтындарда, табысты алмастырудың орташа коэффициенті 36%-ды құрайды. Яғни бұл жерде тек ынтымақты және базалық зейнетақы ғана бар, бұл Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған 40% деңгейден төмен", – деді Ертаев.

Ол елде қазіргі уақытта шамамен 900 мың жас буын зейнеткері бар екенін атап өтті.

"Олардың толық еңбек өтілі жоқ – бұл 1998 жылға дейін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл, немесе зейнетақы аннуитетін сатып алуға жеткілікті жинақтары жоқ. Бүгінде зейнетақы аннуитеті үшін әйелдерге 14 млн теңге жинау қажет. Ерлер үшін – 10 млн 700 мың теңге жинау керек. Сонымен қатар, әр түрлі кезеңде зейнетке шыққан адамдар арасында, сондай-ақ қалада және ауылда тұрған зейнеткерлер арасында зейнетақы мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, ауылда тұратындар қалада тұратындармен салыстырғанда шамамен 5,5%-ға төмен алады", – деп қосты министр.

Бұған дейін Қазақстанда алимент төлеушілердің нақты кірістері анықталатынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: