Қазақстанда ұзақ ғұмыр кешкен адамдарға зейнетақы қалай қамтамасыз етілетіні айтылды

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 21:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 26 наурызда Сенат кулуарында Қазақстанның зейнетақы заңнамасына енгізілетін түзетулер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқарбек Ертаев мәлімдегендей, қаржылық тұрақтылықты, ұзақ мерзімді баланс пен лайықты зейнетақы деңгейін қамтамасыз ету механизмдері талқыланатын жұмыс тобы құрылды.

"Бұл мәселе 2026 жылғы маусымға дейін пысықталады. Біз талқылауды бастадық – БЖЗҚ-дан ұсыныстар пакеті алынды. Ол "4+1" деп аталады. Бұл – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы аударымдары, олар 2028 жылға дейін 5%-ға дейін өседі, оның 4%-ын азаматтың жеке зейнетақы шотына бағыттау жоспарланып отыр (қазір ай сайынғы аударымдармен қосылады), ал 1%-ы сақтандыру мақсатында жалпы қорға аударылады", – деді министр.

Министрдің айтуынша, есептеулерді зерделегеннен кейін ведомство осы мәселеге қатысты нақты ұстаным жасайды.

Кейінірек "БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов бұл заңның 80 жастан асқан адамдарды қорғауға арналғанын түсіндірді.

"Бұл қаражат тек адам өз жинақтарын "шамалап" таусып, өмір сүре берген жағдайда ғана қолданылады. Ол 1%-дық шот есебінен жинақталған зейнетақыны сол деңгейде алуды жалғастырады. Мұнда ештеңеге қатыспаған адам келіп: "Маған ақша төлеңіз" деп талап ете алмайды. Төлемдер тек осы жастағыларға – 80 жас және одан жоғары адамдарға беріледі. Яғни оларды жинақталған зейнетақымен қамтамасыз ету үшін. Бұл – зейнетақы жүйесіне тұрақты қатысып, салық төлеп, міндетті зейнетақы аударымдарын жасағандарға арналған. Егер олардың жеке жинақтары таусылып кетсе (сол жалпы қордан), олар сол деңгейдегі зейнетақыны әрі қарай алуды жалғастырады", – деп түсіндірді Жанат Курманов.

Сонымен қатар, егер жинақтаушы қайтыс болса, 10+4% қаражат мұрагерлерге өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: